- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да 280 орынға шақталған балабақша ашылды
СҚО-да 280 орынға шақталған балабақша ашылды
«Үстіміздегі жылы балабақшаларда 1138 орын ашылды. Балаларды мектепке дейінгі біліммен 2017 жылы толықтай қамтамасыз етеміз. Ағымдағы жылы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 4 балабақша салынып жатыр. Олардың бірі 280 орынға шақталған «Еркем-ай» балабақшасы», — деді Ерік Хамзаұлы.
Өңір басшысы солтүстікқазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, «Титан-Север» ЖШС құрылтайшысы, бас мердігер Гарик Бернецянға атқарған қызметі үшін алғысын білдірді.
Гарик Бернецян компания балабақша құрылысымен алғаш рет айналасып жатқанын және бұл жұмысты алдағы уақытта жалғастыратынын атап өтті. 2016 жылы компания тағы да бірнеше балабақша тұрғызуды жоспарлап отыр.
Облыс әкімі атынан балабақшаға микроавтобус кілті табыс етілді.
Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында 2015 жылдың қаңтар айынан бастап балабақшаларда 669 орын ашылған, Петропавл қаласы бойынша 326 орын ашылған. Үш жастан алты жасқа дейінгі балалардың 95 пайызы мектепке дейігі тәрбиемен қамтылған.
Сондай-ақ, 16 желтоқсанда Петропавл қаласында «Мадагаскар» отбасы демалысына арналған орталық ашылды. 4,5 мың шаршы метр аумақта аттракциондар, боулинг және дәмхана орналасқан. «Тайга» ЖШС жобасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында іске қосылды.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды -
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды -
Елордада дзюдо орталығы ашылды -
Елордада «Туған өлкем» көрмесi ашылды