• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭК «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке өзгертулерді мақұлдады

ЕЭК «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке өзгертулерді мақұлдады

18 Желтоқсан, 2015 09:52
ЕЭК-тың кезекті Алқасының отырысы барысында сауда-саттық саясаты, энергетика, техникалық реттеу, санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар саласындағы мәселелер талқыланды.

ЕЭК-тың кезекті  Алқасының отырысында қаралған мәселелердің ең қомақты блогы техникалық реттеуге қарасты болды. Атап айтқанда, ЕЭК Алқасы жекелеген техникалық регламенттердегі техникалық реттеу нысандары болып табылатын жобалау процестеріне қойылатын міндетті талаптар бекітуге қатысты Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында техникалық реттеудің бірыңғай ережелері мен қағидаттары туралы Келісім жобасын мақұлдады. Сонымен қатар, Комиссия Кеңесіне мемлекетаралық құрылыс жүргізу нормаларының тізбесін әзірлеудің және бекітудің тәртібін бекіту туралы өкілеттіктер табыс ету көзделген. Аталған Хаттама жобасы мемлекет ішілік келісуге енгізілетін болады.

Сонымен қатар, «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке өзгертулерді  енгізу мақұлданды. Аталмыш техникалық регламент 2011 жылы қабылданған болатын, деп хабарлады ЕЭК-тың баспасөз қызметі. 

Барлық жаңалықтар