- Басты
- Жаңалықтар
- Берлин Еуразиялық клубында көліктік-логистикалық саласындағы ынтымақтастық талқыланды
Берлин Еуразиялық клубында көліктік-логистикалық саласындағы ынтымақтастық талқыланды
Аталмыш шараға ҚР мен ГФР-ның қоғамдық-саяси, іскер және сарапшы ортаның белгілі өкілдері, нақты айтқанда, герман тарапынан - Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері бойынша ГФР-ның СІМ уәкілі Андреас Пешке, ішкі саясат бойынша Герман кеңесінің директоры Эберхард Зандшнайдер, Герман Шығыс экономикасы комитетінің атқарушы директоры Райнер Линднер және т.б., қазақстандық тараптан-ГФР-дағы ҚР Елшісі Болат Нусупов, ИДМ Көліктік тасымалдау комитетінің төрағасы Асет Асавбаев, Әлем экономикасы және саясат институтының Директоры Сұлтан Әкімбаев және т.б. қатысты.
Өзінің алғы сөзінде ҚР-ның ГФР-дағы Елшісі Болат Нусупов 11.11.2014 жылғы «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» және « Қазақтан жаңа жаһандық нақты ахуалда : өсу, реформалар, даму» атты ҚР ның Президентінің 30.11.2015 жылғы жолдауының міндеттері мен мақсаттары туралы аудиторияны таныстырды.
Негізгі баяндамашы ретінде ИДМ көлік комитетінің Төрағасы Асет Асавбаев сөз сөйледі. Өзінің баяндамасында Асет Асавбаев Германияның іскер ортасы үшін ынтымақтастықтың зор мүмкіндіктерін ашатын Жаңа экономикалық саясат аясында көлік-логистикалық саласындағы нақты жобалар туралы ақпаратты аудиторияға жеткізді. Сонымен қатар, А.Асавбаев Шығыс пен Батыстың экономикалық өзара байланысының қарқынды даму жағдайында Қазақстанның көліктік-логистикалық саладағы реформалық мәлімдемелер, Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолындағы құрлықтық тасымалдау шынымен де теңіз жолына балама болатынын атап өтті.
Өз кезегінде Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері бойынша ГФР-ның СІМ уәкілі Андреас Пешке орталық Азия аймағында ГФР –дің негізгі сауда серіктесі болып келетін, ғаламдық транзиттік ел ретінде Қазақстанның өсіп келе жатқан маңыздылығы туралы атап көрсетті. Сондай-ақ, неміс дипломаты «Нұрлы жол» ЖЭС ережелері ЕЫҚҰ-ның экономикалық қызметі аясында 2016 ж. осы ұйымда Германияның төрағалығы барысында ескерілетін болады деп мәлімдеді.
БЕК кездесуіне қатысқандардың жалпы пікірлері бойынша, "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жаңа экономикалық саясатында көрсетілген мақсаттар мен басымдылықтар арқасында республикамызды әлемнің дамыған отыз елдерінің қатарына енуге толық мүмкіндіктер береді. Табиғи және адам ресурстарына бай Қазақстан дамудың жаңа деңгейіне көтерілуге, аймақтық және әлемдік интеграциялық үрдістерге белсенді түрде қатысуға, нақты айтқанда, Германия сияқты дамыған мемлекеттермен диалогты және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Білім беру саласындағы ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету қалай жүргізіліп жатыр -
Нотариат саласындағы реформалар: жылжымайтын мүлік құқықтары, цифрланған нотариус -
Ауылды дамыту: Мәдениет, өнер және спорт саласындағы өзгерістер