- Басты
- Жаңалықтар
- Тәуелсіздік күнінде Қызылорда облысында «Қазақ елі» аллеясы ашылды (ФОТО)
Тәуелсіздік күнінде Қызылорда облысында «Қазақ елі» аллеясы ашылды (ФОТО)
Жалпы, аллеядағы ескерткіштер қазақ тарихынан сыр шертеді. Парасатты хандар, ақылгөй абыздар, әділетті дана билер, айбатынан ай бұққан қайратты баһадүрлердің келбеті керемет бейнеленген. Тағдырдың жазуымен, тарихтың талқысымен қазақ жерін паналаған түрлі ұлт өкілдері ортақ Отанымызды көркейту жолында аянбай тер төгіп жатқаны анық. Өзге ұлт өкілдерінің шығармаларына арнайы тақта қойылды.
« «Біз – Ұлы Даланың мұрагерлеріміз», - деп Ұлт көшбасшысы атап көрсеткендей, Ұлы Даланы дүбірлеткен бабаларымыздың ерлігі үшін бәрімізді сөзссіз мақтаныш сезімі билейді. Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуіміз ең әуелі батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету және тағдырдың сан алуан қиындықтарынан сүрінбей өткен ата тарихынан тағылым алу үшін маңызды», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев салтанатты шарада.
Мұнан соң жарты мыңжылдықтан астам тарихымыз театрландырылған қойылым арқылы көрсетілді. Негізгі мақсат өскелең ұрпақтың жадында өткенімізді жаңғырту.
Бұл қармақшылықтар үшін жақсы демалыс аймағы ғана емес, кенттің архитектуралық келбетіне сән қосатын айшықты нысанға айналары сөзссіз.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары