- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да геологиялық барлауға арналған 50 жер телімі байқауға қойылады – ИЖТМ
ҚР-да геологиялық барлауға арналған 50 жер телімі байқауға қойылады – ИЖТМ
Президент елде барланбаған жерлердің де бар екенін айтып, бұрын табылған кен орындарының игеріліп, алмастырылмағанын мәлімдеді. Биыл ешқандай да жер қойынауын игеру бойынша байқау өтпей, шет елдік инвесторлармен бірде бір келісімшарт түзілмегенін еске салды.
Өз кезегінде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі қатты жер қойнауының пайдалы қазбаларын игеру бойынша бір ай ішінде 50 жер телімін байқауға қоюды жоспарлап отыр, деп хабарлады Премьер-министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев.
«Байқауды жариялау бойынша, биылғы жылы біз осы істі қолға алып отырмыз. Менің ойымша, бір ай көлемінде қатты жер қойнауының пайдалы қазбаларын игеру бойынша 50 жер телімін байқауға қоюды жоспарлап отырмыз. Уақыттың көбін, әрине, құжаттарды дайындау секілді жұмыстар алды, жоспар бойынша жыл соңына дейін аталмыш мәселені шешеміз», - деді министр.
Сонымен қатар, оның мәліметінше, «Қазгеология» компаниясы шағын қалалардың аудандарында геологиялық барлау жұмыстарын жасаған. Үш моноқалада геологиялық барлау жұмыстары жаалып, 350-ден астам кен мен өзге де бағыттар бойынша жұмыстар атқарылған деген мәліметпен министр сөзін түйіндеді.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған