- Басты
- Жаңалықтар
- ХҚКО-ларда Тәуелсіздік күні 284 туу туралы куәлкті салтанатты түрде тапсырды (ФОТО)
ХҚКО-ларда Тәуелсіздік күні 284 туу туралы куәлкті салтанатты түрде тапсырды (ФОТО)
«Біз осы іспеттес акцияны бұған дейін кейбір қалаларда өткізген болатынбыз, алайда бүгінгі іс-шара айтарлықтай кең ауқымға ие болып отыр, оған Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 114 бөлімі қатысты, біз барлық Қазақстан бойынша перзентханаларда 284 құжат табыс еттік», - деп айтып өтті «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева.
Баланың туылуын тіркеу жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметі жергілікті атқарушы органдар мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ресімделеді. Оны алу үшін ата-ананың жеке куәлігі, неке қию туралы куәлігі, туу туралы медициналық куәлік немесе туу туралы фактіні анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі талап етіледі. Қызмет 2 жұмыс күні ішінде тегін көрсетіледі.
«Әдетте, туу туралы куәлікке тапсырыс беру үшін ХҚКО-ға ата-ананың бірі жүгінеді. Мереке аясында біз өтініштерді өзіміз қабылдадық және құжаттарды дәл перзентханадан шығару кезінде жеткіздік», деді Балташева.
ХҚКО-лардың тууды тіркеуден басқа баланың туылуына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар тағайындауға сұрау салулар қабылдайтындығы баршамызға мәлім, ал «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы ата-аналар баланы балабақшаға кезекке қоя алады.
Айта кетейік, жылдың басынан ХҚКО-лар 327 мыңнан астам туу туралы куәлік берді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары