- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Тәуелсіздігі күніне орай Қарулы Күштердің офицерлері мемлекеттік наградалар алды (ФОТО)
ҚР Тәуелсіздігі күніне орай Қарулы Күштердің офицерлері мемлекеттік наградалар алды (ФОТО)
«Сіздер өздеріңіздің Отанға деген шексіз қызмет етулеріңізбен ғана емес, барша қазақстандық үшін қасиетті іс тәуелсіз еліміздің әр үйінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтай отырып, үнемі үздік және жауапты болу шеберліктеріңізбен бұл наградаларды алуға әбден лайықсыздар. Сондықтан бұл наградаларды қабылдай отырып, Сіздер еліміздің басшысының ғана емес, сонымен бірге әскери адамға құрметпен қарайтын барша қазақстандықтардың жоғары бағасын алып отырғандарыңызға сенімдімін. Жоғары Бас Қолбасшыға, мемлекетіміз бен халыққа әрі қарай адал қызмет ететіндеріңізге кәміл сенімдімін», - деді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.
2015 жылғы 3 желтоқсандағы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес генерал-майор Жомарт Қуанғалиев ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, полковник Әділ Беков, Мұратжан Жұмағазиев, полковник Қайсар Мұгалов, полковник Төлеубек Сүлейменов ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Запастағы генерал-майор Диханбек Сатылганов пен «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың корпоративтік даму департаментінің директоры Кенжебай Сатжанов «Құрмет» орденінің иегерлері атанды.
Полковник Төлеген Байғазиев, подполковник Виталий Генне, майор Әміркожа Айтқожин, 2-дәрежелі капитан Әлібек Ахетов, майор Данияр Қарманов, капитан Темірлан Мүсәпіров ҚР Қорғаныс министрінің қолынан «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалін алды. «КАМАЗ инжиниринг» АҚ-тың бас директоры Сергей Кистинге «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Петропавл ауыр машина құрастыру зауыты» АҚ-тың 5-разрядты электр дәнекерлеушісі Юрий Кулаевқа құрмет грамотасы табыс етілді. Одан басқа, ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес подполковник Әскер Бейсенов (мерзімнен бұрын полковник атағын) және майор Сергей Черненок (мерзімнен бұрын подполковник атағын) мерзімнен бұрын кезекті әскери атағын алды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары