• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Премьер-Министрі Учжэнь қаласындағы 2-ші Дүниежүзілік Интернет-конференцияның ашылуына қатысты

ҚР Премьер-Министрі Учжэнь қаласындағы 2-ші Дүниежүзілік Интернет-конференцияның ашылуына қатысты

17 Желтоқсан, 2015 11:02
ҚХР-ға ресми сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Учжэнь қаласындағы 2-ші Дүниежүзілік Интернет-конференцияның ашылуына қатысты, деп қатысты Премьер-Министрдің ресми сайты.

Учжэнь саммиті қатысушыларының алдында сөз сөйлеген Кәрім Мәсімов биыл Интернеттің пайда болғанына 46 жыл толғанын айтып өтті. 

«50 жылға жетер-жетпес уақытта Интернет пен ақпараттық технологиялар технологиялық дамудың даңғыл жолын ашты, ол 1969 жылы АҚШ-та бір есептеу машинасынан екіншісіне «LOGIN» сөзін жіберуден басталған еді», - деді К.Мәсімов.

Бүгінгі таңда әлемде 3,2 млрд интернет пайдаланушысы бар, олардың 50% - Азияда, ал 60% астамы - дамушы елдердің азаматтары, деп атап өтті ол. 

«Интернет өмірімізді өзгертіп, ақпаратты алу мен жеткізудің, қарым-қатынас жасаудың жаңа тәсілдері пайда болды», - деді Үкімет басшысы.

К.Мәсімов дамыған елдерде интернет технологиялармен, оның ішінде мобильді және бұлтты технологиялармен, бұйымдар интернетімен (Internet of Things), ауқымды мәліметтерді өңдеу технологияларымен (Big Data) өндірістерді ықпалдастыру жұмыстары басталғанын айтты. 

«Осылайша, «төртінші индустриалдық төңкеріс» элементтері қалыптасуда, болашақта жекелеген өндірістер мен жалпы елдердің бәсекеге қабілеттілігі соған байланысты болмақ», - деп түйіндеді ҚР Премьер-Министрі.

Барлық жаңалықтар