- Басты
- Жаңалықтар
- Кәрім Мәсімов ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті
Кәрім Мәсімов ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті
Келіссөздер барысында тараптар жан-жақты серіктестік бойынша қазақстандық-қытайлық қарым-қатынастардың дамуын талқылап, өзара сенімділік пен түсіністіктің жоғары деңгейін атап өтті.
Үкімет басшысы қытай көшбасшысына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жеткізіп, ҚХР-ға ресми сапармен шақырғаны үшін және Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтағаны үшін алғысын білдірді.
Кәрім Мәсімов түрлі деңгейдегі жиі кездесулер екі ел арасындағы келісімдерді серпінді жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін баса айтты.
Сонымен қатар, К.Мәсімов пен С.Цзиньпин мемлекетаралық қарым-қатынастардың барлық салалары бойынша, оның ішінде сауда-экономикалық, индустриялық-инновациялық, өнеркәсіп, инвестиция салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылықтарын жеткізді.
Бұдан өзге, К.Мәсімов ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен Учжэньдегі екінші Дүниежүзілік интернет-конференцияға келген делегация басшыларының ұжымдық кездесуіне қатысты.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Дәрігер: «Пандемияда науқасқа психологиялық қолдау көрсету де оңай емес» -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады