- Басты
- Жаңалықтар
- Тәуелсіздік күні 70 оңтүстік қазақстандық мемлекеттік наградамен марапатталды (ФОТО)
Тәуелсіздік күні 70 оңтүстік қазақстандық мемлекеттік наградамен марапатталды (ФОТО)
Тәуелсіздік күніне арналған «Тұғырлы бол, Тәуелсіздік!» атты мерекелік шарада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Оңтүстік Қазақстан облысындағы 71 азамат Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградталды.
«Бұл айтулы мереке ата-бабаларымыздың сан ғасырлар аңсаған арманының жарқын көрінісі. Бүгінгі буын қасиетті Тәуелсіздікке қол жеткізіп, өсіп-өркендеген мемлекетіміздің жетістігіне әрқайсысы өзіндік үлесін қосуда. Ел халқымен бірге Оңтүстік өңірінің тұрғындары да бірлік пен татулықтың, ынтымақ пен тыныштықтың ерекше үлгісін қалыптастыруға белсене атсалысып келеді. Елбасының сарабдал саясатының арқасында еліміз әлемдік қауымдастықта өзінің лайықты орнын алды. Ұтымды әрі тиімді жүргізілген экономикалық саясаттың нәтижесінде қазақстандықтар еңсесін тіктеп, әл-ауқатымыз жақсарды», - деді облыс әкімі.
"Бүгінде егемен елімізде ата-бабамыз талай ғасыр армандаған бірлік пен тыныштықтың ерекше үлгісі қалыптасты. Мемлекет басшысы: «Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, ынтымақшыл халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар», − деді. Бүгінде осы оймақтай ой − өмір шындығына айналды", - деді ол.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты