ШҚО тұрғындары Тәуелсіздік күнінің 24 жылдығын кең ауқымда атап өтуде

16 Желтоқсан, 2015 13:24
Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары басты ұлттық мейрам – Тәуелсіздік күнін кең ауқымда атап өтуде. Жалпы, аймақта барлығы 250-ден астам шара өткізіліп, 200 мың адам қамтылды. Олардың қатарында жәрмеңкелер, концерттер, халық ойындары, спорттық жарыстар бар.

ШҚО-ның ақпараттық орталығынан хабарлағандай, бүгін Өскеменде шараларға толы бағдарлама жоспарланған. Таңертең Комсомол аралыңында 4 мың шаршы метр алаңы бар мұз айдыны ашылды. Оның ашылуына қала қонақтары мен жергілікті тұрғындар қатысты, көрермендер қауымының назарына аймақтың жас спортшылары өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар «Snow Ring 2015» автожарысы, қаланың көркем гимнастика бойынша кубогы өтті.

Кейін облыс орталығының бас алаңында мерекелік концерт басталды.  Шараның бағдарламасында жәрмеңкелер,  халық ойындары, спорттық жарыстар, түрлі байқаулар жоспарланған.

Айта кетерлік жайт, атаулы күнді атап өту аясында аймақтың аудандары мен қалаларында «Өз заманының батыры!», «Менің Тәуелсіз Қазақстаным!» тақырыбымен дөңгелек үстелдер, түрлі көрмелер мен мерекелік шаралар өткізілуде. 

Барлық жаңалықтар