Қазақстанның болашағы білім беру сапасына байланысты – депутат

18 Желтоқсан, 2015 09:07
Қазақстанның болашағы білім беру сапасына байланысты, деп хабарлады Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Никитинская.

«Маған экономист пен қаржыгер ретінде Елбасы Жолдауындағы күрделі кезеңге қарамай, әлеуметтік міндеттердің орындалуы әсер етті. Айта кетерлігі, Жолдауда білім беру мен медицинаға мән берілген, себебі білім беруден болашақтың қалай болуы көрініс табады. Егер білімсіз ұстаздар болып, оқытушылар дарынсыз болса мемлекете біліксіз мамандар пайда болады. Сондықтан да қандай деңгей болмасын әлеуметтік бейімделушілікті сақтау қажет», - деді Е.Никитинская.

Депутат сондай-ақ, 30,20 және 10 долларға дейін мұнай бағасы құлғанда қандай шаралар қолдану керектігі ойластырғанына назар аударды.

«Өзіңінің минималды бюджетіңді білген маңызды. Ұлттық қордағы бар қаржы мен жеке секторға инвестиция қалай түсетінін ескере отырып, экономикалық өсімнің мүкін салаларын қарастыру қажет. Жолдауда бұл мәселе айтылды», - деді ол.

Айта кетейік, 30 қарашада Елбасы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар