• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Абсеметов: Қазақстанның тәуелсіздік жылдары халқымыздың «алтын» уақытына айналды (ВИДЕО)

М.Абсеметов: Қазақстанның тәуелсіздік жылдары халқымыздың «алтын» уақытына айналды (ВИДЕО)

16 Желтоқсан, 2015 15:02
Қазақстанның тәуелсіздік жылдары халқымыздың «алтын» уақытына айналды, біздің егемендігіміз бабалар рухына негізделген, деп ағынан жарылды ҚР Ұлттық мұрағатының бас директоры Марат Абсеметов «Strategy2050.kz» АА студиясында берген эксклюзивті сұхбатында.

«Қазақстанның тарихы үшін аталмыш жыл өте маңызды жыл  - Қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.  Еркіндіктің нағыз рухын 1991 жылы алдық, ол кезде біз егемендігімізге қолжеткіздік, біздің егемендігіміз  бабалар рухына негізделген», - деп мәлімдеді ол.

Сарапшы атап өткендей, тәуелсіздігіміздің соңғы 20 жылы «жұлдызды» болды.

«Егер 1991 жылға қарай бет бұратын болсақ – ол құлдырау болатын, Кеңес Одағының таралуы, қаржыландыру жоқ, мемлекет тоқтап қалды – алайда ел басшылығына Н.Назарбаев келгеннен кейін жаңа жол басталды – ол біздің еліміздің жетілуі болатын», - деп жалғастырды  М. Абсеметов.

Оның айтуынша, Ұлт көшбасының рөлі  ол барлық зауыт, фабрикаларды, кәсіпорындарды «бір жұдырыққа» жинап, шетелдік инвесторларды тартты. «Қиын жағдайда болғанымызға қарамастан жайлап көтеріле бастадық, қазақ халқының бойындағы толеранттылық қасиеті  оны да жеңуге мүмкіндік берді», - деп атап өтті ол.  

«Осы ретте Президенттің тәжірибесі үлкен рөл атқарды, ол 10 жылдан астам уақыт  бойы пештің алдында тұрды. Бұл тәжірибені ол Теміртауда жинақтады және ол оған болашақта үлкен көмек берді. Ол кадрларды қалай  жасақтау керек екенін, табиғи ресурстарды қалай басқару керек екенін меңгерді»,- деп сендірді сарапшы.  

Сонымен қатар, сарапшының пайымынша, өткені жоқтың болашағы да бұлыңғыр. Өткенімізге көз жүгіртетін болсақ өз үлесін әр көшбасшы, әр халық қосып келеді. «Президенттің маңызды идеялары тек қағаз жүзінде ғана емес, олар шынайы өмірде де жүзеге асырылуда және жұмыс істеуде. Қазақстанның тәуелсіздік жылдары  халқымыздың «алтын» уақытына айналды  және биік белестер одан ары бағындырылады», - деп түйді М. Абсеметов.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар