- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкенте мереке қарсаңында медициналық колледждің жаңа ғимараты пайдаланылуға берілді
Шымкенте мереке қарсаңында медициналық колледждің жаңа ғимараты пайдаланылуға берілді
Жаңадан бой көтерген оқу-клиникалық корпусында тәжірибелік сабақтар өткізуге арналған симуляциялық құрылғылармен жарақтандырылған 16 кабинет, 8 зертхана мен 5 препараттар бөлмесі, 7 оқу кабинеті мен 18 аудитория, 2 мәжіліс залы қарастырылған.
Сондай-ақ, ғимараттың екінші қабатында медбикелердің біліктілігін арттыру мен орта дәрежелі медицина қызметкерлерін аттестаттаудан өткізетін, заманауи құрылғылармен жабдықталған аймақтық симуляциялық орталығы бар бөлім де жұмыс істейді.
Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында денсаулық сақтау саласына айрықша назар аударады. Соның арқасында елімізде әлеуметтік нысандар салынып, тиісті жағдайлар жасалынуда. Мәселен, соңғы бес жылда өңірімізде 360 медицина нысаны салынып, 150 ғимарат күрделі жөндеуден өтті. Бұл республикадағы әрбір бесінші сәби Оңтүстікте өмірге келетін облысымыз үшін өте маңызды. Жыл сайын ОҚО-да 70 мың сәби туылады. Сондықтан, бізге білікті медицина мамандары өте қажет. Барлық талаптарға сай салынған жаңа оқу ғимаратында студенттердің сапалы білім алып, кәсіби маман атануына тілектеспін. Дәрігер деген абыройлы атқа кір келтірмейтін медицина маманы болуға шақырамын», - деді облыс әкімі.
Айта кетейік, жаңа медициналық оқу корпусы – бұл клиникалық тәжірибеде үшбірлік идеясын іске асыруға мүмкіндік береді. Яғни, мұнда медицина мамандары оқып қана қоймай, тәжірибе жасап, білімін ғылыми негізде дамытуына болады.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкент медицина колледжінің іргетасы 1930 жылы медициналық техникум ретінде қаланған. Биыл оқу орнының құрылғанына 85 жыл толып отыр. Қазақстан Республикасының орта кәсіптік білім беру мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сай колледж - орта медициналық және фармацевтикалық мамандарды даярлайды.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді