• Басты
  • Жаңалықтар
  • 24 жылдың ішінде тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптаса алдық – саясаттанушы

24 жылдың ішінде тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптаса алдық – саясаттанушы

16 Желтоқсан, 2015 11:34
«Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов мемлекеттің қалыптасу тарихындағы Тәуелсіздік күнінің маңыздылығын атап өтті.

«Көптеген елдердің тарихында 24 жыл – ол қасқағым сәт. Біз өзіміздің шекарамыз болғандықтан қалыптаса алдық, бастысы біздің халқымызда әркім өз Отанына өзі жауап береді деген түсінік бар. Егер 10, 20, 50 жыл бұрынғы әлем картасына қарайтын болсақ кейбір мемлекеттер жоқ - бұл тарих. Ал, 24 жылда біз қалыптаса алдық, бұл уақытта адамның өзі қалыптасып бітпейді»,  - деді Н.Ерімбетов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан Тәуелсіздік күнін атап өтуде. 2016 жылы мемлекеттің Егемендігіне 25 жыл толады.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар