- Басты
- Жаңалықтар
- Тәуелсіздік күніне орай 230 отбасы баспаналы болды (ФОТО)
Тәуелсіздік күніне орай 230 отбасы баспаналы болды (ФОТО)
Жаңа тұрғын үйлер «Шұғыла» мөлтек ауданында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ қаржыландырумен салынды. Жалпы ауданы 13,4 мың шаршы метр болатын 4 көпқабатты тұрғын үйде 230 пәтер бар. Осыншама отбасы тәуелсіздік мерекесін жаңа баспанада атап өтеді. Бір айта кетерлігі, бұл баспаналарды тұрғындар алдын ала төлемсіз 20 жылға жалға алуда. Тұрғын үй «өңірлерді дамытудың 2020 жылға» дейінгі бағдарламасы шеңберінде салынып отыр.
Сондай-ақ, «Арай-2» жаңа мөлтек ауданында 280 орындық балабақшаның іргетасы қаланды.
«Тәуелсіздік күні қарсаңында баспаналы болып отырған барлық қызылордалықтарды қуаныштарымен құттықтаймын. Қазіргідей қаржылық қиындықтарға қарамастан үйлі болып жатқандардың саны артуда. Осы игі істердің барлығы тәуелсіздіктің арқасы екенін ұмытпайық», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Жалпы Қызылорда облысында құрылыс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3,5 есеге артқан. Ал облыс орталығында 8 есеге өсті. Тек биылдың өзінде 53 көпқабатты үй салынып, 2562 отбасы баспаналы болды.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
Бұқаралық спортты дамыту, цифрландыру және 30 жылдыққа орай ұйымдастырылатын шаралар -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Мерейтой қалай тойланады