• Басты
  • Жаңалықтар
  • О.Перепечина: Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері – бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық сақталады және жалғастырылады

О.Перепечина: Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері – бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық сақталады және жалғастырылады

16 Желтоқсан, 2015 10:31
Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері – бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық әлемдегі қаржы дағдарысына және геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан сақталады және жалғастырылады, деп ағынан жарылды ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Перепечина «Strategy2050.kz» берген эксклюзивті сұхбатында.

«Президент Жолдауды заңнамалық қамтамасыз ету және орындау бойынша үлкен міндеттер қойды. Бүгінде бес институционалды реформаны заңнамалық қамтамасыз ету бойынша қыруар шаруа атқарылды. 80-ге жуық заң қаралып, қабылданды. Олардың басым бөлігі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Жалпы заңдардың барлығы ел экономикасын одан ары дамытуға және қоғамымызды жаңғыртуға бағытталған», - деді ол.

Депутат атап өткендей, тәуелсіздік жылдары жүргізілген реформалардың барлығы өмір сүруімізді жақсарту үшін одан ары жалғастырылады. Осы ретте 5 институционалды реформа – ол Қазақстанның одан ары дамуы, одан ары әлеуметтік жаңғыруы, тіпті әлемдегі қаржы дағдарысы мен геосаяси тұрақсыздықтың күшейіп бара жатқанына қарамастан экономикалық өсімі.

«Халқымыздың басым бөлігі Қазақстанның сыртқы және ішкі саясаты қандай болады деп уайымдап келген. Алайда Елбасы өзінің халыққа Жолдауында барлық сұрақтарға жауап берді.  Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері – бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық әлемдегі қаржы дағдарысына және геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан сақталады және жалғастырылады», - деп атап өтті сенатор.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы 30 қарашада ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Ондағы міндеттерді жүзеге асыруға 7,5 трлн теңге бөлінді.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар