- Басты
- Жаңалықтар
- К.Мәсімов ШЫҰ-ға мүше елдердің Үкімет басшылары Кеңесінің отырысына қатысты
К.Мәсімов ШЫҰ-ға мүше елдердің Үкімет басшылары Кеңесінің отырысына қатысты
Бір жақты және кеңейтілген құрамдағы отырыстарда делегациялар басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, көліктік, коммуникациялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ШЫҰ мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің ағымдағы жағдайын, перспективаларын және шараларын қарады.
Кеңейтілген құрамдағы отырыста сөз сөйлеген К.Мәсімов әлемдегі ұзаққа созылған экономикалық дағдарыс жағдайында ШЫҰ-ның барлық елдерінің тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін көп жақты практикалық ынтымақтастықты қарқындатуды жеделдету қажеттігі айқын екендігін айтып өтті.
«Өнеркәсіптік өндірістегі бірлескен жобаларды жүзеге асыру, шетелдік инвестициялардың тұрақты ағымы үшін жағдай жасау және өзара сауданы дамыту маңызды», - деді К.Мәсімов.
Ынтымақтастықтың келесі басымдықты мәселесі ШЫҰ кеңістігінде және жалпы бүкіл әлемде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады, деп есептейді К.Мәсімов. Осыған байланысты ол ШЫҰ аясында Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша ынтымақтастық бағдарламасын қабылдауды ұсынды.
Серіктестіктің басқа да маңызды бағыттары, Үкімет басшысының пікірінше, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, инновация, туризм, спорт, сондай-ақ транзиттік-көліктік және мәдени-гуманитарлық салалар болып табылады.
Кәрім Мәсімов 2017 жылы Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбында ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі өтетіндігін еске салып, ШЫҰ мүше мемлекетердің жетекші компанияларын оған белсенді қатысуға шақырды.
Сөз соңында К.Мәсімов «шанхай процесін» ілгерілету аясындағы жемісті әрі сындарлы өзара іс-қимылдың одан әрі дамуына сенімін білдірді.
Іс-шара қорытындысы бойынша Бірлескен коммюникеге және ШЫҰ түрлі қаржы-экономикалық құжаттарын бекіту туралы бірқатар шешімдерге қол қойылды.
-
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
ІІМ: Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс саны 30%-ға қысқарды -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
COVID-19: Қазақстанда эпиджағдайға қатысты болжам өзгерді