• Басты
  • Жаңалықтар
  • Румынияның бизнесмендері 2016 жылы Қазақстанға бірқатар сауда миссиясын ұйымдастырады (ФОТО)

Румынияның бизнесмендері 2016 жылы Қазақстанға бірқатар сауда миссиясын ұйымдастырады (ФОТО)

15 Желтоқсан, 2015 19:08
2015 жылдың 14 желтоқсанында Плоешти қаласында Қазақстанның Елшілігі Румынияның Прахова ауданының сауда өндірістік палатасымен бірлесіп «Қазақстан-Румыния қарым-қатынасының мүмкіндіктері» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ.

Шараға мемлекеттің экономикасының басым секторында жұмыс істейтін 50 –ден астам компанияның  өкілдері  қатысты.

Қазақстанның елшісі Дәулет Батрашев өз сөзінде румын іскер тобының өкілдерін елімізде жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жол», Ұлт жоспары «100 нақты қадам», «Қазақстан-2050» бағдарламаларының  барысымен таныстырды.  

Өткізілген келіссөздер нәтижесі бойынша Румынияның бизнесмендері келер жылы Қазақстанға бірқатар сауда миссиясын ұйымдастыратын болып келісілді. 

Барлық жаңалықтар