• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда ЕО мен Орталық Азияның Еуропалық экономикалық орталығы құрылады

Қазақстанда ЕО мен Орталық Азияның Еуропалық экономикалық орталығы құрылады

15 Желтоқсан, 2015 16:24
2016 жылы ҚР Парламентінің Сенатында Қазақстанда ЕО мен Орталық Азияның Еуропалық экономикалық орталығы құрылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Инвесторлар мен экспорттаушылардың халықаралық үйлестіру комитетінің ашылуын өткізу туралы» брифинг барысында «Алтын орда» халықаралық бизнес клубының төрағасы, Еуропа экономикалық сенатының сенаторы Мархабат Балғабай мәлімдеді.

«Аталмыш орталық аясында 20 орын бөлінді. Компания әрбір саладан үш компания қағидасы бойынша қосылады. Қазақстандық өндірушілер үшін еуропалық бағыттар жаңа нарықтар мен мүмкіндіктер ұсынады», - деді ол.

«Қазір, әрине, пессимизмге де беріліп жатқан жағдайлар болады, бірақ, кез келген істі бастағанда қиындықтар туатыны белгілі. Шикізаттық құрсаудан құтылу қажет. Біз өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыруымыз қажет», - деді ол.

Барлық жаңалықтар