- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Қазақстандықтар бейбітшілік пен қауіпсіздікте өмір сүруде
Н.Назарбаев: Қазақстандықтар бейбітшілік пен қауіпсіздікте өмір сүруде
«Тәуелсіз Қазақстан – біздің үлкен отбасымыз, ортақ үйіміз. Құрметті қазақстандықтар, 21 ғасыр адамзатқа жаңашылдықтарды ашты, әлемдік экономиканың өзгеруі, саясат, ақпараттық әлеуметтік кеңістік, әлем архитектурасында айтарлықтай өзгерістер болуда. Әлемде тұрақсыздық дау-дамайлардың ортасында 1,2 млрд адам күн кешіп жатыр. Күн сайын 42 мың адам қауіпсіздік үшін өз баспаналарынан кетуде. 13 мыңнан астам лаңкестік актілері 33 мың адамның өмірін жалмады. 100 млн адам басына баспана таба алмай отыр, 300 млн адам жұмыссыз болса, 1 млрд адам ашаршылықтың зардабын тартуда», - деді ҚР Президенті.
«Біз бұл туралы есте сақтап, барымызды бағалауымыз қажет, біз қазақстандық бейбітшілік пен тұрақтылықта, келісімде күн кешудеміз. Бірге гүлденген, дамыған ел құрудамыз», - деп толықтырды Елбасы.
Президенттің айтуынша, Қазақстан экономикалық өсімнің жағымды тенденциясын сақтай алды.
«Біз мемлекеттік интустриалды-инновациялық даму, «Нұрлы жол» бағдарламаларын жүзеге асырудамыз. 2015 жылы 800 млрд теңгеге жаңа кәсіпорындар ашылды, мыңдаған жұмыс орындары құрылды, көптеген пәтерлер пайдалануға берілді», - деп атап өтті ҚР Президенті.
Елбасы еске салып өткендей, Қазақстан ДСҰ-ға енді, Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс істей бастады, ағымдағы жылы біздің еліміз әлемнің жетекші экспорттаушыларының үздік 50-не енді, онда ол 43 орынға табан тіреген болатын.
Сонымен қатар Қазақстан БҰҰ-ның адамзат дамуының индексі рейтингінде 14 сатыға көтерілді.
Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылғы 16 желтоқсанында Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңынан бастау алған.
Ботагөз Айтжанова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді