Қазақстан тарихи дамуда айтарлықтай серпін жасады – ҚР Президенті

15 Желтоқсан, 2015 16:04
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан тарихи дамуда айтарлықтай серпін жасады, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған жиында.

«Тәуелсіздік жылдары Қазақстан тарихи дамуда айтарлықтай серпін жасадық», - деді Н.Назарбаев.

Президенттің пікірінше, қазақстандықтардың еңбегін келер ұрпақ орынды бағалайды, жасалған істі үлгі тұтатын болады.

«Олар біздің шешімімізден көрегендіктің, кемелділіктің көрінісін көреді. Біздің бір ғана тарихымыз бар  - бұл жетістіктің тарихы», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Барлық жаңалықтар