- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Осынау рухы асқақ, тұғыры биік төл мемлекетімізге 24 жыл толды
Н.Назарбаев: Осынау рухы асқақ, тұғыры биік төл мемлекетімізге 24 жыл толды
«Адам баласы сияқты мемлекет те өмірінде екі ғұмырлық босағадан аттайды. Біріншісі - жарық дүниенің есігін ашу. Екіншісі - ересек өмірдің табалдырығын басу. Екеуі де қайталанбас қастерлі мезеттер. Бұл - Әбу Насыр әл-Фарабидің орамды айтып кеткен сөзі, өнегелі өсиеті. Биыл, міне, осынау рухы асқақ, тұғыры биік төл мемлекетімізге 24 жыл толды. Қарапайым тілмен айтқанда, нағыз ердің жасында, ұлы мақсаттардың басында тұрмыз», - деді Мемлекет басшысы.
Елбасы атап өткендей, тағылымы мол тарихымыздағы сонау сақ дәуірінен түркі бабалар мирасы күні кеше 550 жылдығын ел болып тойлаған Қазақ хандығы мен бүкіл әлем болып 70 жылдығын атап өткен екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіске жетуде ұлтымыздың ұлы күрестері көз алдымызға келеді.
«Бұл - біздің өткеніміз, бұл - біздің тағдырымыз. Осы бір тарихтың ұзынсонар жолында азаттық деп аласұрған, еркіндік деп екпіндеген халқымыздың мұраты бүгінгі біздің ұрпақтың еншісіне тиіпті. Олай болса бұл күн ұрпақтардың ұлы арманы орындалған ордалы той, мерейлі де мәртебелі мереке», - деді Н.Назарбаев.
Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылғы 16 желтоқсанында Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңынан бастау алған.
Индира Кауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді