Н.Назарбаев: Қазір тұрақтылық біздің ел үшін маңыздылығын арттыра түсті

15 Желтоқсан, 2015 15:58
Тұрақты экономика, тұрақты саясат, тұрақты қоғам - бұл біз таймайтын бағыт болуы тиіс.Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Операдағы» Тәуелсіздік күніне арналған жиында айтты.

«Қазір қоғам менің жыл сайынғы Жолдауды талқылауда. Мен мемлекет пен қоғам алдына қойған тапсырмалардың қолдауға ие болып жатқандығын көрдім. Мен ол үшін халқыма алғысымды, ризашылығымды білдіремін. Жаңа Жолдауда кемелденген елдің мақсаттары көрсетілген. Тапсырмалар да бөлек, Тәуелсіздіктің бірінші жылдары болған міндеттер емес», - деді ҚР Президенті.

Өз сөзінде Елбасы бүгінгі күрделі заманда Қазақстанның тәуелсіздігі одан бетер құнды болғанын атап өтті.

«Болашақ XXI ғасырда  - бұл кез келген із салатын  ашық алаң емес.Болашақта бізді одан да күрделі бағыттар күтіп тұр. Тарих тек жеңістер тізімінен құралған хронология емес. Дағдарыс ғылымды жеңіске жетелейді. Әрбір дағдарыстан кейін жаңа өсім, тұрақтылық пайда болады. Тұрақты экономика, тұрақты саясат, тұрақты қоғам – бұл біз болашақта ұстанатын бағыт», - деді Елбасы.

 

 

Барлық жаңалықтар