• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елімізде Инвесторлар мен экспорттаушылардың халықаралық үйлестіру комитеті ашылады

Елімізде Инвесторлар мен экспорттаушылардың халықаралық үйлестіру комитеті ашылады

15 Желтоқсан, 2015 15:54
Елімізде Инвесторлар мен экспорттаушылардың халықаралық үйлестіру комитеті ашылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Инвесторлар мен экспорттаушылардың халықаралық үйлестіру комитетінің ашылуын өткізу туралы» брифинг барысында «Алтын орда» халықаралық бизнес клубының төрағасы, Еуропа экономикалық сенатының сенаторы Мархабат Балғабай мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауы аясында өңдеу саласында экспортты 30 млрд-қа дейін арттыру және 10 жылда 100 млрд-қа дейін инвестиция тарту үшін нақты міндеттер қойылды. Жалпы алдымызға үлкен міндеттер, мақсаттар қойылып отыр. Халықаралық жағдайға байланысты бұл күрделі болғанымен, бұған қол жеткізуге болады. Біз бұл үшін күш біріктірудеміз. Сондықтан, аталмыш халықаралық үйлестіру комитеті аясында біз ұлттық отандық өндірушілерге сыртқы нарыққа шығу бойынша қолдау көрсетеміз және инвестицияларды белсенді түрде тарту бойынша жұмыс атқарамыз», деді Мархабат Балғабай.

Оның айтуынша, аталған үйлестіру комитеті жұмысының негізгі бағыттары отандық өндірушілерді жақындағы, яғни Орталық Азия, ЕАЭО, Қытай, Үндістан мен Еуропа нарықтарына шығару болып табылады. Басымдық Еуропаға беріледі.

Атап өтсек, «Инвесторлар мен экспорттаушылардың халықаралық үйлестіру комитетінің ашылуын өткізу туралы» отырыс 22 желтоқсан күні Астана қаласында өтеді. Отырысқа 100-ден астам экспортқа бағытталған кәсіпорындар, министрліктер, ұлттық компаниялар, қоғамдық бірлестіктер мен дипломатиялық миссия басшылары қатысады. 

 

Барлық жаңалықтар