• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев: Қазақстандықтар бірге тұрақты және гүлденген ел құрып жатқандығын бағалауы керек

Н.Назарбаев: Қазақстандықтар бірге тұрақты және гүлденген ел құрып жатқандығын бағалауы керек

15 Желтоқсан, 2015 15:38
Қазақстандықтар бірге тұрақты және гүлденген ел құрып жатқандығын бағалауы керек, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Операдағы» Тәуелсіздік күніне арналған жиында.

«Тәуелсіз Қазақстан – біздің үлкен отбасымыз, ортақ үйіміз. Құрметті қазақстандықтар, 21 ғасыр адамзатқа жаңашылдықтарды ашты, әлемдік экономиканың өзгеруі, саясат, ақпараттық әлеуметтік кеңістік, әлем архитектурасында айтарлықтай өзгерістер болуда», - деді Елбасы.

Н.Назарбаевтың айтуынша, әлемде тұрақсыздық дау-дамайлардың ортасында 1,2 млрд адам күн кешіп жатыр. Күн сайын 42 мың адам қауіпсіздік үшін өз баспаналарынан кетуде. 13 мыңнан астам лаңкестік актілері 33 мың адамның өмірін жалмады. 100 млн адам басына баспана таба алмай отыр, 300 млн адам жұмыссыз болса, 1 млрд адам ашаршылықтың зардабын тартуда.

«Біз бұл туралы есте сақтап, барымызды бағалауымыз қажет, біз қазақстандық бейбітшілік пен тұрақтылықта, келісімде күн кешудеміз. Бірге гүлденген, дамыған ел құрудамыз», - деді Елбасы.

Барлық жаңалықтар