Президент: Қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік күні – ұлы мереке

15 Желтоқсан, 2015 15:23
Өзіміздің бірлігіміз бен ерен еңбегіміздің арқасында біз тәуелсіздігімізді сақтап қалдық, «Мәңгілік ел» мақсаттарын жүзеге асыруға бел буып отырмыз, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Операдағы» Тәуелсіздік күніне арналған жиында.

«Тәуелсіздік құндылығы – Отанның ұлы ұғымы. Отанға деген махаббат, патриотизм – ұлы бақыт. Әркімнің маңдайына тәуелсіздікке жету жазыла бермеген, бұл жолда өз күшіңді аямау қажет. Тәуелсіздік – мәңгі елдің құндылығы, мәңгі мемлекеттілік пен бақытты жастардың тәуелсіз болуы. Өзіміздің бірлігіміз бен ерен еңбегіміздің арқасында біз тәуелсіздігімізді сақтап қалдық, «Мәңгілік ел» мақсаттарын жүзеге асыруға бел буып отырмыз. Сондықтан Тәуелсіздік күні барлық қазақстандықтар үшін ұлы мереке», - деді Ұлт көшбасшысы.

 

Барлық жаңалықтар