Н.Назарбаев: 24 жыл ішінде Қазақстан беделді, әлем мойындаған елге айналды

15 Желтоқсан, 2015 15:19
24 жыл ішінде Қазақстан беделді, әлем мойындаған елге айналды, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Операдағы» Тәуелсіздік күніне арналған жиында.

«Егемендік жайында армандап, біз бақытты кезеңге жеттік. Бүгін Тәуелсіздік күні – қасиетті мейрам. Тәуелсіздік – халық өміріндегі бақытты шақ. Біз тәуелсіздігімізді бейбіт жолмен алдық. Тәуелсіздік пен егемендік, бостандық  - әр халықтың ұлы құндылығы», - деді Елбасы.

ҚР Президентінің айтуынша, Қазақстан 24 жыл ішінде беделді, әлем мойындайтын елге айналды.

«Біз тарихи жолды ширек ғасырда кешіп өттік. Бұл жолда бізді ата-баба рухы қуаттандырды. Тәуелсіздік – қазіргі заманғы қазақстандықтардың тынымсыз еңбегі», - деді Н.Назарбаев.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар