• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлттық музейде Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының экспозициясы ашылды

Ұлттық музейде Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының экспозициясы ашылды

15 Желтоқсан, 2015 18:36
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында (Астана қ.) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тұрақты жұмыс істейтін экспозициясының ашылуы өтті, деп хабарлады Ұлттық банк.

Ұлттық валютаның тұрақты жұмыс істейтін экспозициясын Қазақстанның астанасында ашу Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамы» Жоспарына сәйкес келеді, оның бір тармағына сәйкес: «Астананы зерттеушілерді, студенттерді, кәсіпкерлерді, барлық өңірлерден туристерді тартатын Еуразияның іскерлік, мәдени және ғылыми орталығына айналдыру».

ҚР Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы №1399 Жарлығымен егеменді мемлекеттің экономикалық негізін нығайту және республиканың тәуелсіз ақша жүйесін құру үшін Қазақстанның аумағында 1993 жылғы 15 қарашада ұлттық валюта – Теңге айналысқа енгізілді. ҚР Ұлттық Банкі ұлттық валютаның тұрақты жұмыс істейтін экспозициясы шеңберінде ұсынылған Қазақстанның ұлттық валютасының монеталары мен банкноттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Мұражайына сыйға берді.

Экспозиция Қазақстан тәуелсіздігінің бір нышаны ретіндегі теңге тарихының көрсеткіші болып табылады. Ұлттық валюта залында ұсынылған монеталар мен банкноттар көптеген халықаралық наградаларға ие болып, әлемдегі үздіктер қатарында танылды. Мысалы, «Көшпенділер алтыны», «Республика игілігі», «Ғарыш» және т.б. сериялардың ескерткіш монеталары.

Экспозиция құрамында 2006 жылдың ең үздік банкноты ретінде танылған номиналы 10 000 теңгелік банкнот та бар. Бұл коллекцияда ҚР Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайының және Банкнот фабрикасы өнімінің бір бөлігі ғана бар. Монеталар мен банкноттар мемлекеттің «келбеті», оның ұлттық бренді болып табылады, оның арқасында мемлекетті сәйкестендіру, оның тарихымен, халықтың мәдениетімен, ұлттық тұрмыс-салты мен дәстүрлерімен танысу орын алады.

 

Барлық жаңалықтар