• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ауыл шаруашылығы жобалары Қазақстан Мажарстан тікелей инвестициялар қоры есебінен қаржыландырылуы мүмкін

Ауыл шаруашылығы жобалары Қазақстан Мажарстан тікелей инвестициялар қоры есебінен қаржыландырылуы мүмкін

15 Желтоқсан, 2015 13:02
«ҚазАгро» Мажарстанның Эксимбанкімен бірлесіп Қазақстан Мажарстан тікелей инвестициялар қорын құрды, мақсат Қазақстан аумағындағы ауыл шаруашылығы жобаларын қарджыландыру, деп хабарлады «ҚазАгро» ҰБХ»АҚ басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

«ҚазАгро» Мажарстанның Эксимбанкімен бірлесіп 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан  Мажарстан тікелей инвестициялар қорын құрды. Мақсаты Қазақстан аумағындағы ауыл шаруашылығы жобаларын қарджыландыру», - деді Н. Малелов.

Оның айтуынша, Қордың алғашқы көлемі 13 млрд теңге шамасында және ол 32 млрд теңгеге дейін ұлғайтылуы мүмкін. 

«Құрылған қор жеке аграрийлерге капиталына инвестиция тартып, қызметін кеңейтуге мүмкіндік береді. Оның үстіне, қор жаңа технологиялар мен озық тәжірибелерді тарту құралы болып табылады»,  - деп хабарлады басқарма төрағасы. 

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар