• Басты
  • Жаңалықтар
  • Соңғы бес жыл ішінде «ҚазАгро» АҚ-ның аграрлық секторды қаржыландыру көлемі 60%-ға өсті

Соңғы бес жыл ішінде «ҚазАгро» АҚ-ның аграрлық секторды қаржыландыру көлемі 60%-ға өсті

15 Желтоқсан, 2015 12:17
Соңғы бес жыл ішінде «ҚазАгро» АҚ-ның аграрлық секторды қаржыландыру көлемі 60%-ға өсті, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «ҚазАгро» АҚ Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов.

«Холдингпен түрлі салалық бағыттар мен агробизнестің  қажеттілігіне бейімделген 40-тан астам несие өнімдері іске асырылуда. Қарыз алушылардың жалпы саны 47 мың ауылшаруашылық тауарын өндірушілерден асады», - деп атап өтті Н,Малелов.

Несиелеу көлеміндегі шағын және орта бизнестің (ШОБ) үлесі 87%-ды құрайды. Қаржыландырумен Республиканың барлық аудандары қамтылды.

Ауылшаруашылық техникасының 5 бірлігінің 4-еуін фермерлер ҚазАгроҚаржы арқылы сатып алады  (нарықтағы үлесі 78%), және ауыл тұрғындары алатын 10 шағын несиенің 9-ын Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы алады (нарықтағы үлесі 94%).

«Соңғы бес жыл ішінде Холдинг компаниясы тобының аграрлық секторды қаржыландыру көлемі 60%-ға өсті. Осы ретте 24 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды.  Холдингтің қаржыландыруы есебінен 90 мыңнан астам жұмыс орындары қамтылып,  сақталды», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар