• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада «Қазіргі заманғы әлемдегі ядролық қауіпсіздік. Ядролық қарусыздану және таратпау үдерістерінде парламентарийлердің рөлі» тақырыбындағы халықаралық конференцияға дайындық жайы талқыланды

Астанада «Қазіргі заманғы әлемдегі ядролық қауіпсіздік. Ядролық қарусыздану және таратпау үдерістерінде парламентарийлердің рөлі» тақырыбындағы халықаралық конференцияға дайындық жайы талқыланды

7 Қараша, 2013 17:49
Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен «Қазіргі заманғы әлемдегі ядролық қауіпсіздік. Ядролық қарусыздану және таратпау үдерістерінде парламентарийлердің рөлі» тақырыбындағы халықаралық конференцияға дайындық жайы талқыланды, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, қараша айының 29-жұлдызында Санкт – Петерборда (Ресей) «Қазіргі заманғы әлемдегі ядролық қауіпсіздік. Ядролық қарусыздану және таратпау үдерістерінде парламентарийлердің рөлі»  тақырыбында халықаралық конференция өтеді.  Оған ұйтқы болған Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен ТМД қатысушы – мемлекеттер парламентаралық Ассамблеясы.

Конференция бағдарламасында ғаламдық қауіпсіздік, ядролық қарудың заңсыз айналымына және өндірісіне жол бермеу, ядролық материалдарға сенімді бақылауды қамтамасыз ету, таратпау, басқа да іс-әрекеттерде парламентарийлердің үлесі сынды басқа да тақырыптарды қамту көзделіп отыр.

«Ұйымдастыру комитеті мүшелеріне сөзін арнаған Нұрлан Нығматулин: «Бұл конференцияның біз үшін маңыздылығы өте зор. Себебі, халықаралық парламентшілердің ерекше назарында  тағы да Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ядролық қауіпсіздік жолындағы әлемдік бастамалары  болады», - деп хабарламада нақтыланған.  

Жиналғандар  бұл шараның ядролық қауіпті жою және ядросыз әлем құру жолында  күш біріктіруде жаңа қадамдар жасауға зор үлес қосатынына сенімді.

 

Барлық жаңалықтар