ИИДМБ: СҚО-да Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа диірмен кешені ашылды

15 Желтоқсан, 2015 11:13
Солтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс әкімі Ерік Сұлтановтың қатысуымен диірмен кешені ашылды, нысан Индустрияландыру картасы аясында ашылды. Осы жылы өңірде 15 жоба жүзеге асырылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында индустриялды-инновациялық дамуға басымдылық береді. Аталмыш кәсіпорынның ашылуы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызы зор», - деді әкім.

Аймақ басшысы атап өткендей, жаңа кәсіпкерлер есебінен жұмыс орындары ашылуда, нарық жаңа өнімдермен толығуда, өңірдің экспорттық әлеуеті өсуде.

«ИКЕА — ТАСС ГРУПП» ЖШС құрушысы Тито Сыздықов атап өткендей, диірмен кешені астықтың экспорттық әлеуетін арттыу мақсатында ашылды. Кешенде 40 адам жұмыс істейтін болады. Кешеннің жоғарыөнімді қондырғысы – түркия өндірісі.

Ұн бірінші және екінші сортта өндіріледі. Кәсіпорын Иран мен Ауғанстан елдерімен келісім шарт жасасты. Кешенге темір жол да тартылды.

 

 

 

Барлық жаңалықтар