• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қостанайда әуесқой автомобильшілерге арналған мамандандырылған ХҚКО ашылды

Қостанайда әуесқой автомобильшілерге арналған мамандандырылған ХҚКО ашылды

15 Желтоқсан, 2015 10:57
Қостанайда автомобильшілерге арналған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Автокөліктерді тіркеу және қайта тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет пен көлік құжатнамасын қостанайлықтар осы жерден ала алады.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, Арнайы ХҚКО-ның жалпы алаңы 4 га жерді құрайды, аймақта автокөлікті салыстыруға арналған жеңіл ангар орналасқан. Онда бірден 5 автокөлікті қарауға болады. Емтихан тапсыратын алаң 1,2 га құрайды.

«ХҚКО» МРМ бас директорының орынбасары Шоқан Әбділманов атап өткендей, енді құжатты алу көп дегенде екі сағатты құрайды. Қостанайдың арнайы ХҚКО-сы 1500 шаршы метрді құрайтын автоматтандырылған жеке мотодромы бар алғашқы нысан.

ХҚКО-ның әкімшілік мекемесінде салық төлемдері мен әкімшілік айыппұлдарға тексеру жүргізіледі.

 

 

Барлық жаңалықтар