- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік орган өкілдері ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын ілгерілетудегі Интернет-ресурстардың рөлін талқылады (ФОТО)
Мемлекеттік орган өкілдері ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын ілгерілетудегі Интернет-ресурстардың рөлін талқылады (ФОТО)
Аталмыш шараны ұйымдастыруға бастамашылық еткен «Казконтент» АҚ. «Казконтент» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Айдос Қыдырма атап өткендей, қазіргі таңда интернет-ресурстардың маңызы күн санап өсуде, себебі олар елде және әлемде болып жатқан оқиғалар туралы қоғамға жедел ақпарат таратады.
«Біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан халқына Жолдауын Интернетте насихаттаудың жолдарын талқылау үшін жиналдық. ҚР Президентінің Жолдауын ілгерілетудің маңызды сүйемелдеушілерінің бірі мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары. «Казконтент» АҚ 2009 жылдан бастап жұмыс істеуде, оның құрамында 8 интернет жоба бар, оның ішінде 4-уі ақпараттық болса, 4 – нысаналы. Атап айтар болсақ, Strategy2050.kz ақпараттық агенттігі Елбасының Жолдауын жариялауда басымдылыққа ие. Агенттік орташа есеппен күніне 60 ақпараттық хабарлама жариялайды», - деді Айдос Қыдырма.
«Дөңгелек үстел» қатысушыларының алдында сөз алған ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Болат Кальянбеков атқарылып жатқан жұмыс туралы баяндап берді.
«Қазіргі таңда қазақстандық соттар жылына 1 млн іс қарайды. Үрдістің қатысушылары 2 млн адамды құрайды. Сондай-ақ, 40 мыңнан астам қылмыстық іс қаралды. Сондықтан да, біз әлеуметтік желілердегі белсенділігімізді арттырып жатырмыз. Біздің сайтқа 20 мың адам тіркелген.Сондай-ақ, БАҚ-пен жұмыс істеу үшін облыстық соттарда баспасөз хатшысы лауазымы енгізілді», - деді Болат Кальянбеков.
«Дөңгелек үстел» барысында министрліктер мен ведомство өкілдері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын ілгерілетуде интернет-ресурстардың рөлі жайында тәжірибе алмасты.
Шара қорытындысында мемлекеттік орган интернет-ресурстарының рейтінгісі шығарылды. Бұл орайда Жоғарғы соттың сайты көш бастаса, екінші орында – Бас прокуратура, үшінші орынды ІІМ сайты иеленді. «Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының контентін жақсарту және қолдау сараптамасының қорытындысы» номинациясында ҚР Қорғаныс министрлігі үздік атанды. «Қазақстандық интернет сегментін дамытуға үлес қосқан мемлекеттік органдар» номинациясы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне берілді. Ал, «Қазақстандық интернет сегментін дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін» номинациясын ҚР Жоғарғы соттың сайты алды.
«Дөңгелек үстелге» қатысушылар мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауға үлкен үлес қосатындығын тілге тиек етті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру