Израильдік компания Көкшетауда ЖЭС салуды жоспарлауда (ФОТО)

15 Желтоқсан, 2015 10:26
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин израильдік «ALL ENERGY Holding LTD» компаниясының инвесторымен кездесті, олар Көкшетауда ЖЭС салуға мүдделі, деп хабарлады әкімдік.

Кездесуде аймақ басшысы облыс өзара тиімді ынтымақтастық  жасауға  қызыққан  барлық инвесторларға ашық екенін айтты.

«Біздің мақсатымыз – жоба пайдалануға берілген соң тапсырыстармен қамтамасыз ету. Бұл жоба мемлекеттік жекешелік серіктестікке сәйкес болады, Елбасы өз Жолдауында осы міндетті жүктеген еді. Біздің ТКШ саласында су жіберетін өзге жобалар құрылысы бойынша ұсыныстар келіп түсуде», - деді әкім.

Айта кетейік, өткен жылы Ақмола облысының әкімдігі Көкшетауда ЖЭС салу бойынша израильдік компаниямен екіжақты меморандумға қол қойды. Оның қуаттылығы 180 МВт және 450 Гкал/с.

 

Барлық жаңалықтар