• Басты
  • Жаңалықтар
  • «KEGOC» компаниясы еліміздің оңтүстік аймағындағы жарық қуатының тапшылығын төмендетуге бағытталған жобаларды қаржыландырады

«KEGOC» компаниясы еліміздің оңтүстік аймағындағы жарық қуатының тапшылығын төмендетуге бағытталған жобаларды қаржыландырады

7 Қараша, 2013 17:25
«KEGOC» компаниясы еліміздің оңтүстік аймағындағы энергия қуатының тапшылығын төмендетуге бағытталған жобаларды өздері қаржыландыратын хабарлады, деп «KEGOC» АҚ Басқарма басшысы Бақытжан Қажиев ҚР-ның Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында.

Естерңізге сала кетсек, Үкіметтің кеңейтілген отырысында, мемлекет басшысы оңтүстік аймақтағы энергия қуатының тапшылығын төмендету жөнінде баса айтқан болатын. Онда, үкіметке Балхаш ЖЭС салынуын және инфраструктурасын қадағалауды тапсырды.

«Қазақстанның отынды қамбаларының құрылымдарына байланысты, республиканың оңтүстік аймақтары энергия қуатының тапшылығын көруде, сондықтанда солтүстік аймақтардың энергия көздерінен тартылуда. 2009 жылға дейін бізде солтүстіктен оңтүстікке бағытталған бір ғана тасымал болды, оның үстіне, жыл сайын пайдаланушылар қатары 3-4 пайызға өсіп отырады.

2009 жылы  солтүстіктен оңтүстікке бағытталған  тасымалдау жолын салынуының арқасында, бүгінгі күні оңтүстік аймақта  1350 мВТ- пен қамтамасыз ете аламыз, қалғаны Жамбылдағы ЖЭС-мен жабылып жатыр» -деді Бақытжан Қажиев. 

«KEGOC» басшысының сөзіне қарағанда, тұтынушылар қатары барған сайын өсіп келеді. Өткен жылы берілген уақытттан 1 жыл бұрын 220-дан 550 кВТ-тық жүйеге қосылған қосалқы бекет салынды.

Бұл Алматы энергия көздерін үнемдеу  өзінің ықпалын тигізді және болашақта Балхаш ЖЭС салынғансын осы бағыттар бойынша барлық энергия  қуаттары берілетін болады.

«Қазақстанның Оңтүстік аймағының пайдалану қарқынының өсуі, перспективалық тапшы болмаған, біз қазіргі күні 500 кВт шығыстан тасымалдау үшін инфраструктуралық жоба жасалып жатыр. Бұл аталмыш тасымал көзі 1500 шақырымды құрады. Сонымен бірге, тағыда 3 қосалқы бекеттерін салу жоспарлануда, сондай-ақ 3 қосалқы бекеттің көлемі ұлғайтылу көзделуде. Бұл жобаның жалпы құны 120 млрд теңгені құрайды. Аталмыш жобаны іске асыруға қаржы республикалық бюджеттен емес, «KEGOC» компаниясынан алынатындығын айтады»- компания басшы. 

 

 

Барлық жаңалықтар