• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда 2016 жылы «Қылмыстық құқық бұзу картасы» интернет порталы іске қосылады

Қазақстанда 2016 жылы «Қылмыстық құқық бұзу картасы» интернет порталы іске қосылады

14 Желтоқсан, 2015 16:52
Қазақстанда 20169 жылы «Қылмыстық құқық бұзу картасы» интернет порталы іске қосылады, деді Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет төрайымы Сәуле Айтбаева.

«Бұл жоба қолданыстағы «Қылмыстылық картасы» ақпараттық сервисінің негізінде жүзеге асырылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізілімінде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер порталының негізгі ақпараттық көзі болып табылады. Ол өз кезегінде қылмыстық әрекеттерді әшкерелеу мен оның алдын алуда тиімділігі мол тетік болып отыр», - дейді комитет төрайымы.

Айта кетейік, бұл жоба «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 32-қадамында атап көрсетілген тапсырманы жүзеге асыру мақсатында әзірлерген. Мамандардың түсіндіруінше, аталған жүйе негізінде «қылмыстық құқық бұзу картасы» интернет-порталы елімізде бір аптадан аспайтын мерзімде жасалған барлық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелетін болады. Бұл қоғамдағы ішкі істер органдары жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді деп күтілуде. 

Барлық жаңалықтар