• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Қанағатов: Қазақстан Риодағы Олимпиадаға 100-ден астам лицензия алуды көздеп отыр

Е.Қанағатов: Қазақстан Риодағы Олимпиадаға 100-ден астам лицензия алуды көздеп отыр

14 Желтоқсан, 2015 15:49
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында еліміздің Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков Рио-де-Жанейрода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына дайындық жайын айта келе, көзделген меже 110 лицензия алу екендігін атап өтті.

«Қазіргі кезде Ұлттық құрама командаларына 500-ден астам спортшы тартылып, 190 бапкер мен қызмет көрсету мамандары жұмылдырылған. Тіпті, дайындық барысындағы кейбір мәселелерді жылдам шешу үшін, арнайы штаб та құрылды. Осы кезге дейін спорттың 10 түрінен 43 лицензия ұтып алған болса, алдын ала жасалған жоспар бойынша спортшыларымыз спорттың 25 түрінен 110 лицензия алуды көздеп отыр», - деді Сәкен Жүнісбекұлы. 

Вице-министрдің түсіндіруінше, Ұлттық құрама командалары 2015 жылы 40-тан аса Азия чемпионаттарына, 29 лицензиялық Әлем чемпионаттарына, 140 Әлем кубоктарының кезеңдеріне қатысып, Олимпиадалық ұпайларын түгендеген. Ал келер жылы 70 континентальдық және әлемдік лицензиялық жарыстар мен 52 Әлем кубогының кезеңдеріне қатысу жоспарланған. 

Айта кетейік, Жазғы Олипиада ойындары Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында келер жылдың 5-21тамыз аралығында өтеді деп күтілуде. Бұл жарысқа әлемнің 205 елінен 12,5-нан астам спортшы қатыспақ. Олар спорттың 42 түрінен 306 медаль жиынтығын сарапқа салатын болады.

 

 

 

Барлық жаңалықтар