ШҚО-ның ШОБ-ы жалпы өңірлік өнімнің 15% жасақтайды

14 Желтоқсан, 2015 19:13
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында журналистерді аймақтың даму барысы туралы хабардар етті. Оның баяндамасы өндірістік сектор, агроөндіріс кешені, инвестиция тарту, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және ШОБ-ты дамыту мәселелерін қамтыды.

Шығыс Қазақстан облысында шағын және орта бизнес жалпы өңірлік өнімнің 15%-ын, облыстың бюджеттік түсімдерінің 49%-ын жасақтайды. Жалпы, жұмыс істейтін ШОБ субъектілері 105,5 мың дананы құрады.

Ведомсвто мәліметі бойынша  ағымдағы жылы шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 4%-ға, ал өндіріс көлемі 2%-ға артты.

Сонымен қатар кәсіпкрлерге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында көмек көрсетіліп келетіні хабарланды. 

«Бағдарламаны жүзеге асыру басталғалы мемлекеттік қолдау шараларымен 17 мыңнан астам кәсіпкер қамтылды. Бұл ШОБ-та жұмыспен қамтылғандардың 7%-дан астам бөлігі. Сонымен қатар 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылса, 19 мыңнан астам жұмыс орны сақталып қалды. Сондай-ақ 3,5 млрд теңгеге 27 жоба жүзеге асырылды»,- делінген хабарламада. 

Сонымен, ағымдағы жылы бағдарлама бойынша 3,1 млрд теңге бөлінді.  Қайта өңдеу саласындағы ШОБ субъектілеріне қолдау көрсету мақсатында Ұлттық қордан 9,7 млрд теңге бөлініп, 109 жоба қаржыландырылды.

Ботагөз Айтжанова

 

 

Барлық жаңалықтар