• Басты
  • Жаңалықтар
  • Риодағы Олимпиада-2016-да Қазақстан құрамасының киімін отандық өндірушілер тігеді

Риодағы Олимпиада-2016-да Қазақстан құрамасының киімін отандық өндірушілер тігеді

14 Желтоқсан, 2015 15:32
Риодағы Олимпиада-2016-да Қазақстан құрамасының киімін отандық өндірушілер тігеді, деді ОКҚ-дағы брифингте Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков.

«Елбасының Жолдауында елде киім-кешек өндіретін өндірушілер бар екендігі айтылды, ол спорттық және мейрамдық киімдер, сондықтан Олимпиадағы спорт киімдерін отандық тауар өндірушілер тігетін болады», - деді вице-министр.

Ұлттық штаттық команданың спорттық қоры дирекциясының директоры Қайыргелді Жанпейісов түпкілікті эскиз 2015 жылдың 20 қаңтарынан кейін дайын болатындығын айтты.

«Жақында біз  спортшыларға дайындық және парадтық киім-кешек тігетін  тауар өндірушілермен кездестік. Соңғы эскиз әлі қабылданған жоқ, бұл шешім 2016 жылдың 20 қаңтарында қабылданады», - деді ол.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар