- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақ ұлттық өнер университеті Тәуелсіздік күнін Үндістанда атап өтті (ФОТО)
Қазақ ұлттық өнер университеті Тәуелсіздік күнін Үндістанда атап өтті (ФОТО)
Делегацияны Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева басқарды. Кеш бағдарламасына Камералық оркестр, «Шат» домбырашылар ансамблі, хореография тобы, көркемөнер шеберлері, жеке солист ретінде Азамат Жылтыркөзов қатысты. Сондай-ақ, Үндістанға Қазақ Ұлттық өнер университетінің суретші ұстаздары мен студенттердің көркем сурет көрмесі арнайы жеткізілді. Онда қазақ хандығының 550 жылдығын айқындайтын ерекше экспонаттар мен тарихтан сыр шертетін суреттер қойылды.
Сапар барысында өнер ұжымы ашық алаңда да Үндістан халқы үшін салтанатты кеш өткізді. Кештің өтуі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Үндістандағы елшілігінің жан-жақты қолдауының арқасында жүзеге асты. Сондай-ақ, сапар барысында «Кедентранссервис» АҚ және «Қазақстан халықтарының рухани дамуы қоры» АҚ демеушілік көрсетті. ҚР Үндістандағы елшісі Б.Сәрсенбаев Қазақ ұлттық өнер университеті мен Үндістандағы университеттер арасындағы тәжірибе алмасу жөніндегі достастық келісімге келуге шақырды. Концерттік бағдарлама көрермендері қазақстандық әртістердің өнер көрсетуін ризалықпен қарсы алып, өнер иелеріне шексіз ықылас білдірді.
Концерттік бағдарламадағы ұлттық нақышты шығармалар еліміздің сәлемін жеткізсе, орындалатын классикалық әлем шығармалары өнер ұжымының жоғары дәрежесін дәлелдеді. Айман Қожабекқызы: «Тәуелесіздігімізге тәубе айтып, бейбіт елде, төрт құбыламыз тең өмір сүруіміз, шет мемлекеттері алдында биік абыроймен өнер көрсетуіміз ең алдымен Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында,- екендігін атап өтті.
Музыканың дінге, тілге, ұлтқа бөлінбейтіндігі тағы бір мәрте дәлелдеген өнер ұжымы кезекті салтанатты кештерін жоғары дәрежеде өткізді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді