• Басты
  • Жаңалықтар
  • Петропавлдағы кәсіпорын жаңа экономикалық жағдайда жиһаз өндірісін арттырмақшы

Петропавлдағы кәсіпорын жаңа экономикалық жағдайда жиһаз өндірісін арттырмақшы

14 Желтоқсан, 2015 15:03
Жаңа экономикалық жағдайда отандық жиһаз өндірісіне сұраныс артуда, ол өндірісті кеңейтуге жағдай жасайды. Бұл туралы жиһаз өндірісі бойынша кәсіпорын басшысы Сергей Аккерман «Strategy2050.kz»АА берген сұхбатында хабарлады.

- Сергей Федорович, жихаз бизнесіне қалай келдіңіз?

- Бұл осыдан 13 жыл бұрын қарапайым заттардан басталды, үстелден бастадым, ол бір бөлмелі пәтердің самалдығында жасалатын.  Досымыз екеумиз жұмыс істедік, біз туралы ел білсін деп газетке жарнама бердік. Алғашқылардың бірі болып аялдамалар мен подъездерде өзіміз туралы жарнама ілетін болдық. Ол кезде компьютеріміз болмайтын, сондықтан қолмен отбасының ортасында жазып, жарнаманы көбейтетінбіз. Алғашқы жарнама парақшалары ілінгеннен кейін тапсырысты аяқтамай жатып, тағы бір жаңа тапсырыстар түсе бастады. Шын мәнінде барлығы біңр кішкентай дүниеден басталады ғой.

- Жаңа экономикалық жағдайда осындай бизнеспен айналысқан жеңіл ме?

-Қазір жұмыс істеу өте жеңіл болды. Біздің мемлекетіміз шағын және орта бизнеске үлкен көңіл бөліп келеді. Мен өз ісімді басмтағанда ЖК аштым, компаниямды «Базис Мебель» деп атадым. Содан бері жұмыс өзі кете барды.  Жалға өндірістік цех алдым, кейін жас жігіттерді жұмысқа шақырдым, туған туыстардан қарыз ақша алдым,  ол кезде несие тек жұмыс істеп жатқан бизнеске және меншігінде жылжымайтын мүлкі барларға ғана берілетін. Ол қазір бір жеке куәлігіңмен банктен барып ақша аласында өз ісіңді аша бересін. Біздің кезде бұл мүмкін емес дүние еді. Біз сапалы жиһаз жасауға тырысамыз, біздің өндіріс ошағындағы технологиялар заман талабына сай келеді және неміс, итальяндық және испандық құрал жабдықтар. Ал, жиһаз  жасайтын материалды Қытай, Ресей мен Австриядан алдыртамыз. Өзіміздің өнімімізге де басымдық беруге тырысамыз. Біздің компания 38 мыңнан астам түрлі жиһаз жасайды олардың 40-тан астам түсі бар және дайын 5 мың жобамыз бар. Соңғы 10 жылда 3 мыңнан жеке және заңды тұлға біздің клиенттерімізгне айналды.

- Цехта кімдер жұмыс істейді? Мамандар тапшылығы жоқ па?

- Бізде техникамен жұмыс істей алатын қарапайым жігіттер жұмыс істеуде. Әрине біз өндіріс барысында қосымша оқу өткіземіз. Сондықтанда жұмыс күшінің тапшылығы жоқ. Оның үстіне пайда қумаймын, сондықтанда жұмысшыларыма жалақыны уақытылы төлеймін. Ертеректе қиын жағдайларда болған, алайда біз ешкімді қырқартқан жоқпыз. Бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі. Кейде уақыт болғанда өзімде станоктың басына тұрамын.

- Сіздердің өнімдеріңіз Петропавлда ғана саудаланады ма?

- Жоқ. Еліміздің өзге қаларында да саудаға шығарылады. Жиһаздарымыздың бір бөлігі Ресейге экспортталады.  ЕАЭО жағдайында тауарды экспорттау жеңілірек болды.  Мен алдыма бүкіл қазақстан нарығын жаулап алу туралы мақсат қойған жоқпын, жай ғана отбасымды асырауды және жұмысшыларыма лайықты жалақы төлеуді ойладым. Бүгінде біздің кәсіпорында барлық қажетті заманауи техника бар. Зауыт өз талаптарын қоюда, интернет өмірімізге толығымен еніп кетті. Компаниямыздың атауын   «Аккерман Мебель» деп өзгерттік. Осының нәтижесінде тұтынушылар географиясы айтарлықтай кеңейді.

- Жоспарларыңызбен бөліссеңіз?

- Тағы бір жиһаз салонын ашуды жоспарлап отырмыз. Бүгінде отандық жиһазға сұраныс артуда, сондықтан оны пайдаланып қалу керек.  Одан ары табысты жұмыс істеуді жалғастырамыз. Бүгінгі жағдайды пайдалана отырып отандастарымызды Қазақстанның тәуелсіздік күнімен құттықтағым келеді!

- Сұхбатыңызға рахмет.

Данияр Қасымов

Барлық жаңалықтар