• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ахметжан Есімов «Қазақстан-2013» ХI қала құрылысы форумының ашылуында Алматының дамуы туралы айтты

Ахметжан Есімов «Қазақстан-2013» ХI қала құрылысы форумының ашылуында Алматының дамуы туралы айтты

7 Қараша, 2013 16:45
Бүгін Алматыда «Қазақстан-2013» XI Қала құрылысы форумы ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шараның ашылуында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов экономикалық көрсеткіштер бойынша оңтүстік астанамыз Орта Азия аймағындағы жетекші қала болып табылады. Сол себепті қаланың мықты экономикасы үздіксіз дамуды талап етеді.

«Есімовтың айтуынша, Алматыда жайлы экологиялық жағдай жасауға да аса мән берілген. Бұл саябақ, бақ жүйесінің дамуы мен құрылыс пен жобалауда жасыл технологияларды қолдану екені анық.

Қаланың іскерлік дамуына келер болсақ, қала әкімі мұнда мәдениет, сауда, қаржы құрылымының нысандары көптеп бой көтеруі керектігін айтты. Сонымен қатар,  барлық нысан 5-6 қабатты болғаны дұрыс. Өйткені биік ғимараттар ауа айналымына кедергі келтірмек», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, форум аясында «Тіршіліктің басты ресурсы - аймақ», «Әлеуметтік мәдени орта», «ЭКСПО және жасыл экономика» және «Қала құрылысының дамуы» сынды тақырыптар көтерілмек.

 

 

 

Барлық жаңалықтар