- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада Қазақстанда жасалған тауарлар сатылатын алғашқы универмаг ашылды
Елордада Қазақстанда жасалған тауарлар сатылатын алғашқы универмаг ашылды
Елорда әкiмi дүкеннен өзiне және балаларға арналған бірнеше тоқылған жемпір сатып алды. Әкім жасаған саудасы мен тауарлардың сапасына риза екендiгiн айтып, кәсіпкерлерді дүкеннің ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ, қала басшысы дүкенге қолма қол ақшасыз сауда жасау үшін терминал қажет деді. Дүкен өкiлдерi терминалға тапсырыс берiлгенiн және алдағы үш аптада орнатылатынын айтты. Атап өтсек, сауда орталығында кеңесшi- сатушылармен қоса, арнайы робот та қызмет көрсететін болады. Жақын арада дүкеннің сайтында Қазақстанда құрастырылған осы робот-кеңесшінің көмегімен сатып алушылар үшін онлайн экскурсия өткізілмек.
Атап өтсек, «Қазақстанда жасалған» немесе «УниверMAG.kz» деп аталатын дүкенде 30-дан астам өндiруші өз өнiмдерiн ұсынып отыр. Дүкен сөрелерінен үй тоқымасы мен балалар киімінен бастап, ерлер мен әйелдерге арналған іскерлік костюмдерге дейін, ұлттық киімдер, бас киім мен аяқ киім, шұлық өнімдері мен спорттық киімдерді табуға болады. Осы өнімдерді ұсынғандарға келсек, олар – неке көйлектері мен ұлттық киімдерін сатылымға шығарған Саңыраулар қоғамы, астаналық шұлық фабрикасы мен киіз комбинаты, қарағандылық аяқ киім фабрикасы, шымкенттік «Алтын Адам» іскерлік костюмдер тігу фабрикасы, атыраулық трикотаж өнімдер фабрикасы, семейлік жейделер тігу фабрикасы, алматылық бас киімдер фабрикасы мен тағы басқалар.
«Алдағы уақытта бұл дүкен астаналықтардың көңілінен шығып, сатып алушылар көп болып жатса, және де қазақстандық басқа да компаниялар келетін болса, дүкенді екі есеге кеңейту мүмкіндігі қарастырылған. Әзірше Астанада бір дүкен аштық, болашақта еліміздің барлық өңірінде осындай сауда орталықтарының ашылатынына сенімдімін», - деді Астана қалалық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Малика Бектұрова.
Ал дүкен аралаған елорда тұрғыны Махаббат Амантаева тауарлардың ұнағанын айтты.
«Өнімдердің сапасы жақсы, бағалары да бізге қолайлы екен. Сатып алушылар үшін баға маңызды, сондықтан егер баға қолжетімді болып жатса, бірінші кезекте елімізде жасалған тауарларды таңдаймыз. Мысалы, маған бұл дүкендегі киімдердің матасы, тігілу сапасы ұнады. Сонымен қатар, кейбір киім-кешек қазақ оюларымен көмкерілген. Сол жағынан маған қатты ұнап тұр. Өзіміздікі болған соң тігілуі де ерекше екен. Тауарлардың жақсы екені бір қарағаннан көрініп тұр», - деді М.Амантаева.
Атап өтсек, әмбебап дүкеннің ауданы, қоймаларын қоса алғанда 240 шаршы метрді құрайды. Дүкенде бірыңғай касса жұмыс істейді. Сауда орталығы күн сайын сағат 10:00-21:00-ге дейін демалыссыз және үзіліссіз жұмыс істейді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда