• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-да сүт қабылдау пункттері есебінен ауылдықтардың кірісін өсіру жоспарланған

ШҚО-да сүт қабылдау пункттері есебінен ауылдықтардың кірісін өсіру жоспарланған

14 Желтоқсан, 2015 13:09
ШҚО-да сүт-тауарлы фермалар мен сүт қабылдау пункттерін құру бойынша кешенді бағдарламаны жүзеге асыру басталды, ол сүт өнімін 21 мың тоннаға ұлғайтып, фермалардағы көлемді 75 мың тоннаға жеткізеді, деп хабарлады ШҚО әкімі Даниал Ахметов ОКҚ-да.

ШҚО-да сүт-тауарлы фермалар мен сүт қабылдау пункттерін құру бойынша кешенді бағдарламаны жүзеге асыру басталды, ол сүт өнімін 21 мың тоннаға ұлғайтып, фермалардағы көлемді 75 мың тоннаға жеткізеді. Өңдеу өнеркәсібінің қуаттылығы 2 есеге ұлғайп 57 пайызды құрайды.

Облыс әкімдігінің мәліметінше,келер жылдың соңына дейін 13 мың сауын сиырын қамтитын 37 тауарлы-сүт фермасын ашу жоспарланған.

«Біз ауыл халықының әлеуетін арттыруымыз қажет. Елдегі 70 пайыз сүт жеке аулада шығарылады. Облыста біз жеке үйлерден сүт жинаймыз», - деді Д.Ахметов.

Бүгінде облыста 43 пункт халықтан сүт қабылдайды.

«Сүт қабылдау пункттерін құру бойынша сүт өңдеу кәсіпорындарының кірістерін ұлғайту жоспарланған», - деді Д.Ахметов.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар