- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қорғаныс министрі үздік армиялық спортшыларды марапаттады (ФОТО)
ҚР Қорғаныс министрі үздік армиялық спортшыларды марапаттады (ФОТО)
«Бүгін біз осы жылы белді халықаралық жарыстарда жеңіске қол жеткізген және елімізді бүкіл әлемге мәшһүр еткен спортшыларды марапаттаудамыз. Олардың арасында ведомствомыз үшін екі атаулы спорттық шара бар. Атап айтқанда, Мәскеу қаласындағы ТМД қатысушы мемлекеттері достастық армияларының алғашқы әскери-спорттық ойындары және кореялық Мунгенде өткен VI Дүниежүзілік жазғы армиялық ойындар бар. Оның қорытындысы бойынша армиялық спортшылар 51 медаль иеленді, оның 11-і алтын. Сөзсіз, бұл үлкен жетістік. Алайда, еліміз үшін анағұрлым нәтижелі бірқатар ірі әлемдік біріншіліктер болды. Онда біздің армияшыларымыз ғана алдағы 2016 жылы Рио-де-Жанейродағы Олимпиадалық ойындарға 5 лицензия ұтып алды. Ол – капитан Ольга Рыпакова, ефрейтор Михаил Красилов, аға сержант Біржан Жақыпов, 3-сыныпты сержант Евгений Алексеев және қызметкер Юрий Юрков. Сіздер шынымен де мақтауға лайықсыздар. Сіздерге қарап барша Қазақстанның жастары бой түзейді және Сіздер арқылы нағыз армиялық спортты танып-біледі», - деді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.
ҚР Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спорт клубында әлемдік турнирлерде өздерінің көптеген жеңістерімен қазақстандық спорттың деңгейін арттырып жүрген дарынды спортшылар қызмет ететінін айта кеткен жөн.
Әскери сарапшылар жауынгерлік даярлық нәтижесінің 70% жауынгерлердің дене шынықтыруына байланысты екенін ертеден-ақ мойындаған. Сайып келгенде дене даярлығы жеке құрамның жауынгерлік қабілеттілігінің негізі болып табылады. Армиялық спортшылар Олимпиадалық және Азия ойындарына, әлем чемпионаттары мен әртүрлі континентальді біріншіліктерге қатыса отырып, Қарулы Күштердің имиджін нығайтуға қомақты үлес қосуда. Жыл сайын ҚР ҚМ АОСК-ның спортшылары әлем чемпионы, әлемдік, еуропалық және азиялық біріншіліктердің жүлдегерлері атанады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу