- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да 2018 жылы қуаттылығы жылына 180 мың тонна көлік болатын автомобиль зауыты іске қосылады
ШҚО-да 2018 жылы қуаттылығы жылына 180 мың тонна көлік болатын автомобиль зауыты іске қосылады
«Автомобиль жасауға келсек, біз алдымен нарықтарды кеңейту мәселесін қолға алуымыз қажет. Бүгінде көлік шығарушылар Ресейдің алты өңірінде жұмыс істеуде. «Алдағы жыл біз үшін маңызды болмақ, яғни үш нарықты игеруіміз қарастырылып отыр. Бұл бағытта бірінші кезекте ЕАЭО тұр. Сонымен қатар біз Әзербайжан, Грузия, Армения және Моңғолия нарықтарында жұмыс істеуге тырысатын боламыз», - деді әкім.
Оның айтуынша, Шығыс Қазақстанда 2018 жылы «АЗИЯ АВТО Казақстан» АҚ қуаттылығы жылына 120 мың автомобиль шығаратын толық циклді автомобиль зауыты және автобөлшектер шығаратын технопарктің бірінші кезеңі іске қосылмақ.
Атап айтқанда, жеңіл автомобильдер шығару көлемінің 80%-ға жуығы ШҚО-да шоғырланған. ШҚО-да машинажасау өнімінің 89,3 млрд. теңгесі немесе республикалық көлемде (475 млрд. теңге) 18,8%-ы өндіріледі.
Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасын екі кезеңде жүзеге асыру көзделген: біріншісі - 2018 жылға дейін іске қосылып, 60 мың автомобиль шығару, ал екіншісі - 2020 жылға қарай зауыттың қуаттылығын 120 мың автомобильге жеткізу. Нәтижесінде негізгі өндірісте 4000 жаңа жұмыс орны, аралас кәсіпорын-автобөлшектер өндірушіде 8000 жаңа жұмыс орны ашылады.
ШҚО әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, автомобиль кластерін дамыту үшін «PricewaterhouseCoopers» (PwC) халықаралық ірі консалтинг компаниясы халықаралық талаптарға сәйкес шебер-жоспар дайындады.Ол шағын және орта бизнес үшін өзіндік бағыт нұсқаушы қызметін атқармақ, осы арқылы ШОБ аталған салаға араласады.
Ботагөз Айтжанова
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді