• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-да жылына 30 мың тонна ет өндіретін құс фабрикасының құрылысы жоспарлануда

ШҚО-да жылына 30 мың тонна ет өндіретін құс фабрикасының құрылысы жоспарлануда

14 Желтоқсан, 2015 12:07
Шығыс Қазақстан облысында жылына 30 мың тонна ет өндіретін құс фабрикасының құрылысы жоспарлануда, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

«Біз Үржар ауданында жылына 30 мың тонна ет өндіретін құсфабрикасының құрылысы жобасын дайындаудамыз», - деді Д. Ахметов.

Оның мәліметі бойынша, құрылысқа бөлінген жер телімі 44,5 мың га құрады.

«Біздің есептеулерге сәйкес құс етінің өзіндік құнының 40% жемшөп базасын құрайды,  сондықтанда аталмыш салада барлық күш жұмылдырылған», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Оның айтуынша, фабриканың құрылысы дәл осындай шетелдік кәсіпорындардың үлгісі негізінде жүргізілетін болады. 

«Біздің мамандар Еуропа, Украина сынды елдердегі фабрикалардың жұмысымен танысты. Сондықтанда бізде осы салада қалай жұмыс істеу керектігіміз туралы түсінігіміз бар. Әрине біз қытайлықтардың тәжірибесімен танысқымыз келеді. Қазіргі таңда біз ҚХР-да жылына 2 млн тонна құс етін өндіретін фабрикамен жұмыс істеудеміз», - деді Д. Ахметов.

Барлық жаңалықтар