• Басты
  • Жаңалықтар
  • К.Мәсімов Ляньюньган портындағы Қазақстан-Қытай логистикалық паркі жұмысымен танысты

К.Мәсімов Ляньюньган портындағы Қазақстан-Қытай логистикалық паркі жұмысымен танысты

14 Желтоқсан, 2015 11:23
Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Цзянсу провинциясындағы Ляньюньган қаласына барды, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

Үкімет басшысы Цзянсу провинциясының Халық Үкіметі Төрағасының м.а. Ши Тайфэнмен кездесу өткізді.

Өткізілген келіссөздер барысында сауда-экономикалық және көліктік-логистикалық салалардағы, атап айтқанда Ляньюньган портындағы Қазақстан-Қытай логистикалық паркі арқылы жүк ағымын арттырудағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің перспективалары талқыланды.

Сол күні К.Мәсімов Қазақстан-Қытай логистикалық паркінің қызметімен танысты. Сапар соңында Үкімет басшысы Ляньюньган арқылы ҚР, РФ, БР аумақтары бойынша Дуйсбург қаласына (ГФР) бағытталған алғашқы контейнерлі пойызды жөнелтті.

 

Барлық жаңалықтар